CHERY компаниясының инновациялық серіктестері

Chery Holding Group компаниялар тобы Haier, Horizon компанияларымен және Alibaba Zebra Zhixing еншілес компаниясымен стратегиялық серіктестік туралы келісімдер жасады.

CHERY компаниясының инновациялық серіктестері

Haier компаниясымен серіктестік автокөлік өнеркәсібі үшін жаппай персонализацияны енгізу және жаңа интернет экожүйесін қалыптастыру мақсатында COSMOPlat инновациялық өнеркәсіптік интернет-платформасын пайдаланатын Anhui Haixingyun Internet of Things Technology Co., Ltd. бірлескен кәсіпорнын жасауға негізделген. COSMOPlat платформасы ықтимал сатып алушылардың артықшылықтарына зерттеу жүргізудің шығармашыл кешенді шешімі болып саналады, процестің идеядан дайын персонализацияланған өнімді жасап шығаруға дейін құрылуын жылдамдатуға мүмкіндік береді. Осы ынтымақтастық – CHERY компаниясының көбейіп келе жатқан клиенттердің жеке тілектерін қанағаттандыруға деген ұмтылысы.

Технологиялық зерттеулер жүргізу, әзірлемелер жасау және «ақылды» автокөліктерді одан әрі дамыту үшін CHERY концерні серіктес ретінде Horizon компаниясын таңдады. Компаниялардың екеуі де автокөлік өнеркәсібінде интеллектуалдық төңкеріс жасауға бағытталған. Horizon компаниясы Қытайдағы алғашқы Edge AI чипін сәтті әзірлеп, автокөліктерге арналған AI чиптерінің өндірісін ретке келтірген Қытайдағы жалғыз кәсіпорын болып саналады. Horizon компаниясының ЖИ технологиялары, соның ішінде чиптер, дәлдігі жоғары карталар және дауыс технологиялары саласында ауқатты базасы бар. CHERY компаниясы дәстүрлі негізгі автокөлік технологияларын дамытумен қатар, интеллектуалды көлік құралдары дәуірінің басталуын тездетеді. Бүгінгі таңда Қытайда 500 000 астам пайдаланушы L2+ деңгейіндегі автоматты жүргізу технологиясы бар CHERY автокөліктерін пайдаланады. Компания 2025 жылы L4 деңгейіндегі жоғары автоматты жүргізу технологиясы бар автокөліктердің жаппай өндірісін іске қосуды жоспарлап жатыр.

Zebra Zhixing компаниясы – Alibaba Group компаниясының автокөлік саласындағы инновациялық бизнес-сегменті. CHERY компаниясымен серіктестік ЖИ бар болашақ автокөліктің жобаларын, көзқарастарын, шешімдерін ұсыну мақсатында бірлескен зертхананы құруды талап етеді.

Басқа жаңалықтар

CHERY ҚАЗАҚСТАНДА TIGGO 7 PRO ЖАҢАРТЫЛҒАН МОДЕЛІ МЕН ОНЫҢ ТОЛЫҚ ЖЕТЕКТІ НҰСҚАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ

Жақында Қазақстанға келеді!

Жаңартылған Tiggo 7 Pro және Tiggo 7 Pro MAX

7 МЛН-ҒА КРОССОВЕР: САТЫЛЫМДАР АШЫЛДЫ

Chery Kazakhstan CHERY TIGGO 2 автокөліктерінің сатыла бастағанын жариялады.

Абай облысында өрттен зардап шеккендерге қолдау көрсету

«Астана Моторс» компаниясының құрамына кіретін Chery компаниясының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Абай ауданындағы өрттен зардап шеккендерге көмек ретінде «АҚ ЕРТІС» қоғамдық қорына 14 миллион теңге аударды.

Chery Tiggo 4 PRO көлігі үшін Trade-In

Жаңа Chery Tiggo 4 PRO көлігін стильді әрі жайлы басқарыңыз! Айрықша дизайны мен жоғары өнімділігінің арқасында Chery көлік жүргізуден ең тамаша әсер алғысы келетін жандарға мінсіз жарайды.

TIGGO 8 PRO-ға 1 000 000 теңгеге дейін пайда

Chery TIGGO 8 PRО-ны сатып алудың одан да көп пайдасы. Тек Қаңтарда! Chery TIGGO 8 Pro-ді 1 000 000 теңгеге дейін пайдамен сатып алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!